Халықаралық Түркі-Славян Академиясымен («TURKISLAV академиясы») ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

2018 ж. 13 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында Халықаралық Түркі-Славян Академиясының («TURKISLAV академиясы») Президенті Досмұхамет Нұр-Ахметпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Кездесу барысында бірлескен ғылыми – білім беру байланыстарының негізгі бағыттары анықталды. Институттың кітапханасына өзінің Мәскеуде шыққан «Ұлттар және мемлекет» кітабын табыстады.